Kundelik.kz-ке DDoS-шабуыл жасалды

Kundelik.kz-ке DDoS-шабуыл жасалды
Сурет: Kundelik.kz

Шабуылдар көлемі секундына 600 мегабитке дейін жетті.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі кеше kundelik.kz-ке DDoS-шабуыл жасалғанын растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгін (31 қаңтарда - ред.) сағат 13.15-тен бастап DDoS-шабуылдар тіркелді. Шабуылдардың көлемі секундына 600 мегабитке дейін жетті. Қалыптан тыс сипаттағы трафик 2,5 сағатқа созылып, 16:00-де интернетке кірудің бірыңғай шлюз қондырғысында тойтарылды. Қазір зиянкес трафикті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген Мемлекеттік техникалық қызметтің ресми ақпаратында.