Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі сақталады

Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі сақталады
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы облысы аумағында қар көшкіні жүру қаупі сақталуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысының тауларында 26-31 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталатынын ескертті.

«Азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», - делінеді хабарламада.

Еске салайық, Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Қар көшкінінің түсуі негізінен температура фонының жоғарылауы, жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.