Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Сурет: Ақорда

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады

24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды», – делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.

Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.