Талғарда кісі өлтірді деп күдікке ілінген жігіт шекара аспақ болған кезде ұсталды

Талғарда кісі өлтірді деп күдікке ілінген жігіт шекара аспақ болған кезде ұсталды
Сурет: Zakon.kz

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірді деп күдікке ілінген азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24 қаңтарда сағат 13:48 шамасында Талғар аудандық ПБ-ға оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың денесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар аудандық полиция бөлімшесінің СДТБТ-да тіркелді.

«1990 жылғы Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.