Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары келді

Елордада Қазақстан мен АҚШ арасындағы Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтың бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зея тең төрағалық етті.

Шарада екі жақты қарым-қатынас, азаматтық қоғамның дамуы, діни сенім бостандығы, әйелдердің құқықтары, бостандықтары мен мүмкіндіктері талқыланды.

Американдық тарап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан" құруға бағытталған реформаларын қолдайтынын жеткізді.