Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінде 40-тан астам кедендік және салықтық мемлекеттік қызметтер көрсетіледі

Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінде 40-тан астам кедендік және салықтық мемлекеттік қызметтер көрсетіледі
almaty-akshamy.kz

Қалалық мемлекеттік кірістер органдарында 300 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері тіркелген

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бақтыгүл Сейтова сөз сөйледі. Ол бюджетті толықтырумен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының басым міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Б.Сейтованың айтуынша, қалалық мемлекеттік кірістер органдарында 300 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл дегеніңіз - 1 990 630 салық төлеуші жеке тұлға.

Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтердің 44 түрін көрсетеді, олардың басым бөлігі автоматтандырылған. Қағаз жүзінде тек 4 қызмет қана көрсетіледі.
 
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің халыққа қызмет көрсету басқармасының басшысы Бақтыгүл Сейтова 2022 жылдың 7 айында олардың мамандары 1 959 973 қызмет көрсеткенін, оның 1 940 876-сы немесе 99,02%-ы электронды түрде екенін айтты.

«Біздің міндетіміз – қашықтан форматта сапалы және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсету. Бұл үшін электронды мемлекеттік қызметтердің саны артып келеді. Сонымен қатар, бұл да - көрсетілетін қызметті алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы байланысты мүмкіндігінше болдырмай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі», - деді ӨКҚ спикері.

Қағаз айналымын және желіден тыс келуді азайту үшін бөлім өмірлік жағдайларды және қиындық тудыратын және үшінші тұлғаларға қолданылатын жағдайларды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті алу бойынша қысқаша нұсқаулықтар әзірледі.

«Тоқсан сайынғы негізде салық төлеушілерге электрондық поштаның мекенжайлары мен What' ѕ Арр нөмірлері бойынша салық есептілігін алдын ала ұсыну туралы ақпараттық хаттар жіберіледі. Біз жүргізген сауалнамаға сәйкес, азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік желілерден ақпарат алады», - деп жалғастырды ведомство басшысы.

Бұдан өзге, салық органдарының мамандары салық төлеушілердің электрондық мекенжайларына салық міндеттемелерін орындау қажеттігі туралы ақпарат жібереді.
 
Алматыда салық төлеушілерге қызмет көрсетуді жақсартудың келесі қадамы мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі оңай көрсетуге мүмкіндік беретін мобильді орталықтар – «Мобильді кеңсе» қызметін енгізу болды. Мобильді кеңсе қызмет көрсету орталығының, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының функционалдығын және банктің кассалық пунктінде төлемдерді қабылдау функциясын біріктіреді.
 
Брифинг соңында Бақтыгүл Сейтова осы жылы Алматы қаласының аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолдау және көмек көрсету бойынша Qoldau акциясы өткізілгенін атап өтті. 4000-ға жуық адам сұрақтарға жауап алды.