Доллар бағамы 476-481 теңге аралығында саудаланып жатыр

Доллар бағамы 476-481 теңге аралығында саудаланып жатыр
Сурет: Otyrar.KZ

Кеше кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,60 теңгеге төмендеген.

Алматыда доллар бағамы 476-481 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 474- 481 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474,5 – 478,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 476-481 теңге аралығында құбылып тұр. 11 тамыздағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 477, 46 теңге болған.

Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 67 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,2-7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.