Алматы көше - жол желісінің 73 шақырым көлік қозғалысын ыңғайлау үшін қайта жаңарту қажет

Алматы көше - жол желісінің 73 шақырым көлік қозғалысын ыңғайлау үшін қайта жаңарту қажет
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматының көлік қаңқасы орталық бөлігінде ұзындығы 168 шақырым 28 дәлізден және шеткі бөлігінде 186 шақырым 30 дәлізден тұратын дамыған көлік инфрақұрылымынан тұрады.

Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттары мен сарапшылар қауымдастығының алдында өткен тұсаукесерде шебер-жоспарды әзірлеушілер айтып берді. Айта кетейік, көлік қозғалысының шебер-жоспары Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әзірленген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Көлік қаңқасының моделін жүзеге асыру инфрақұрылымдық өзгерістер қажет. Осылайша, бірыңғай желіні дамыту үшін көшелерді ішінара ұзарту, дәліздерді кеңейту, учаскелерді байланыстыру керек болады. Қаланың орталық бөлігінде жұмыстар 19 шақырым жолға, шеткі бөлігінде – 54 шақырым жолға жоспарланған, оның 47 шақырымы Бас жоспарда көзделген.