Алматы қоғамдық кеңесінің мүшелері азаматтардың мәселесін қалай шешуде

Алматы қоғамдық кеңесінің мүшелері азаматтардың мәселесін қалай шешуде
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Сарапшылар мегаполистің кейбір әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде Қоғамдық кеңес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімді нысандары туралы айтып, өткен жыл қорытындыларын талқылады.

Атап өтетін нәрсе, қоғамдық кеңес – ол халық үні, оның мүшелері – өз ісі әрі беделімен үлкен кәсіби маман екенін дәлелдеген жандар. Қала тағдырын ойлап, қоғамымызға пайдалы болғысы келетін адамдар. Қоғамдық кеңес өз жұмысында жол, аурухана, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және тағы басқа өзекті мәселелердің барлығын қамтиды.

Шараны ашқан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Ақпараттық ресурстық орталық» ҚҚ директоры, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты Алтынай Көбеева Қоғамдық кеңестің 2016 жылдан бері қалай жұмыс істеп келе жатқанына тоқталды. Қоғамдық кеңестер республикалық, облыстық және жергілікті деңгейде құрылып, жұмыс атқарады.

Алматы қоғамдық кеңесінің құрамына әртүрлі салаларда сарапшы болып табылатын 38 мүше кіреді (конкурстық негізде сайланатын), оның 35-сі азаматтық қоғам өкілдері және 3-уі мемлекеттік органдардың өкілдері. Қоғамдық кеңестің құрамына 5 комиссия және комиссиялар жанындағы комитеттер кіреді.

«Жеке және біршама нақты мәселелерді шешу үшін Қоғамдық кеңес проблемаларды талдап, ұсыныстар дайындайтын, сондай-ақ олардың орындалу барысы мен сапасын бақылайтын тәуелсіз және білікті сарапшыларды тартады. Әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша тұрғындармен өзара әрекеттесу Facebook желісіндегі «Қалалық кезекші» тобы, тұрғындардың ҚК мүшелерінің әлеуметтік желілеріне өтініштер жіберу және электронды пошта арқылы жедел жүзеге асырылады», - деп атап өтті А. Көбеева.

Жыл басынан бері Қоғамдық кеңес әртүрлі мемлекеттік органдарға түрлі мәселелер бойынша 351 өтініш пен ұсынымдар жіберді, оның ішінде жеке тұлғалардың 328-і өтініші бойынша қарау/жауап алынды, сонымен қатар ҚК комиссиялары сонымен қатар, Қоғамдық кеңес комиссиялары жеке және заңды тұлғалардың (АҚ, ЖШС, ҚҚ, ЖК) 70 өтінішін қарады, оның ішінде 41 өтінішке жауап беріліп, көптеген мәселелер шешімін тапты. Қалған өтініштер қазіргі уақытта жұмыста, немесе мемлекеттік органдарда олардың шешу құзыретіне қатысты жауаптар берілді.  

Алтынай Орманқалиқызы өз сөзінде, «Самал-2» ықшамауданы тұрғындарының бұзылған үйінің орнына баспана беру мәселесі шешілгенін мысал келтіріп, атап өтті.

«Биыл қаңтар айында біздің Қоғамдық кеңеске мүгедек баланың анасы, «Зерделі» шағын ауданындағы тұрғын үйдің кіреберісінен мүгедектер арбасымен шығу үшін қолайлы жағдайдың жоқтығына шағымданған. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының тексеру қорытындысы бойынша бұл учаскі «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» Жол картасына және «Алматыда инклюзивті орта құру» бөліміне енгізілген», - деді Қоғамдық кеңес төрағасы. 

Сонымен қатар, Дунаевский көшесін тесу салдарынан, балабақша аумағы мен жасыл желектердің бүлінгеніне шағымданған Алмагүл ықшамауданы тұрғындарының өтінішінен кейін, Қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімімен кездесу ұйымдастырып, қалалық мобилділік басқармасына  үндеу жолдады. Көшені тесу бойынша жұмыстар тоқтатылды.

Қала белсенділерінің жұмысының тағы бір бағыты: «МИБ, ПИК және ҚС басқарудың жаңа формалары» тақырыбында диалогтық алаңдарын өткізу. Биыл 200-ден астам үй тіркелген «Тұрғын үйлерді күтіп ұстаудың Бірыңғай шоғырландырушы орталығы» ұйымдастырылды, және де бұл үдеріс жалғасуда. ҚК мүшелерінің ұсыныстары Алматы қаласының әкіміне, Премьер-Министрге және ҚР Парламенті Мәжілісіне жолданды.

2 маусымда Алматы қаласынан ҚР Сенатының депутаты Ж. Б. Асанованың ҚК-ның кеңейтілген отырысы өтті. Онда МИБ/ПИК/ҚС құқықтық мәртебесіне және ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша осы қызмет саласына қатысты ұсыныстары бар кейс қалыптастырылып, ҚР Үкіметіне депутаттық сұрау салуды қалыптастыру үшін жіберілді.

Сөз соңында, А.Көбеева ҚК белсенділері түрлі деңгейдегі нормативтік құжаттар бойынша 10 ұсыныс жолдағанын атап өтті. III шақырылымдағы Қоғамдық кеңестің қызметі бүгінгі таңда азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешу бойынша ауқымды жұмыстың атқарылғанын көрсетеді. Қоғамдық кеңес билік пен азаматтық қоғамды байланыстырушы буын ретінде екі тарап арасында тиімді диалог құра алды.