Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы шешім өзгерістері

Алматы қаласы Түрксіб ауданында  сайлау учаскелерін құру туралы шешім өзгерістері
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында  сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

 

Түрксіб ауданының әкімі  ШЕШІМ ЕТТІ:

  1.   Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі                  № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                   № 1539 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасындағы №№453, 456, 462, 605 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

  1. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1.   Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Н. Мәнізоровқа жүктелсін.
  2.   Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Б.Ақжаров                                                                                                             Түрксіб ауданының әкімі

 

КЕЛІСІЛДІ:   

Алматы қаласы аумақтық 

сайлау комиссиясының төрайымы                                                  А. Қалықова