Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Алматы қаласы аумақтық  сайлау комиссиясының хабарламасы
Сурет: ашық дереккөз

 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 29 қазанға Алматы қаласының № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.

 

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 30 тамызынан басталады.

 Округ орталығы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 128, тел. 396-80-61.

«Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Округ шекаралары: Райымбек даңғылынан Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының батыс жағымен оңтүстік бағытта Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының солтүстік жағымен батыс бағытта Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесінің шығыс жағымен солтүстік бағытта Құрманғазы көшесіне дейін; Құрманғазы көшесінің солтүстік жағымен батысқа қарай Мұқанов көшесіне дейін; Мұқанов көшесінің шығыс жағымен солтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің оңтүстік жағымен шығысқа қарай Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесінің шығыс жағымен солтүстік бағытта Әйтеке би көшесіне дейін; Әйтеке би көшесінің оңтүстік жағымен шығыс бағытта Әди Шәріпов көшесіне дейін; Әди Шәріпов көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Гоголь көшесіне дейін; Гоголь көшесінің солтүстік жағымен батыс бағытта Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесінің шығыс жағымен солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жағымен шығыс бағытта Нұрсұлтан Назарбаев көшесіне дейін.

 Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы.