Алматы "ақылды" қалалар тізімінде екінші орынды иеленді

Алматы "ақылды" қалалар тізімінде екінші орынды иеленді
Сурет: Кt.kz

Смарт шаһар.

Оңтүстік астанамыз ТМД-ғы «ақылды» қалаларының арасында екінші орынды иеленді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Айтуынша, Алматы ТМД мен Шығыс Еуропа аумағындағы қалалардың көшбасшы тобына кіреді.

«Алматы - 2050» бағдарламасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы басқарудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес болу тиіс. «2021 жылдың қорытындысы бойынша біз 2017 жылдан бастап халықаралық деректер корпорациясының цифрлық жетілу рейтингісінде Алматы қаласының 2,7 балл позициясын алғанын көреміз. Бұл біз соңғы екі жылда қолжеткізген өте үлкен көрсеткіш. Бұл маңызды оқиға. Түсінікті болу үшін, 2019 жылы біз 10-шы орынды иелендік, ал ТМД-ның ақылды қалалары арасындағы соңғы нәтижелер бойынша біз 2-орында тұрмыз. Яғни, біз Киевтен озып, Мәскеуден кейінгі орындамыз», - деді Баян Қоңырбаев.