Алматы аспанында ерекше құбылыс болды

Алматы аспанында ерекше құбылыс болды
Сурет: Astanatv.kz

Қала тұрғындары табиғи құбылыс саналатын галоны, яғни қазақша айтқанда күннің құлақтану құбылысын тамашалады.

Ерекше құбылысты тұрғындар әлеуметтік желілерде жарыса жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Күннің айналасында дөңгелек пішін пайда болды. Алматының ауа-райы құбылмалы. Бұлт баспаса бұданда әсем көрінер еді. Табиғаттың ерекеше құблысына күә болғаныма қуаныштымын», – дейді қала тұрғын.

Күннің қоралануы - Күннің айналасында пайда болатын, пішіні алқаға (не дискке) ұқсайтын айқын көрінетін жарық жолағы болып, ол жарықтың бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы және шағылуы нәтижесінде пайда болатын атмосфералық-оптикалық құбылыс. Ол көбінесе сақина пішінді, доға, жарық діңгегі, нұрлы дақ секілді пішіндерде болып, күнді, не айды қоршап тұрады. Ол қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін секілді 7 түрлі түстің қабаттасуы болып көрінуі мүмкін.