Бақберген Жақсылықұлы, Алматы музейінің жетекшісі: Жалған ақпараттарға сенбеңіздер

Бақберген Жақсылықұлы, Алматы музейінің жетекшісі: Жалған ақпараттарға сенбеңіздер
almaty-akshamy.kz

– Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы қауіпті індетті жеңе алмадық. Өршіп, емі де табылмады. Бүгінде медицина қарқынды дамуда. Сондықтан вакцина алудан қорықпаңыздар.

Аурудан құтылудың тиімді әдісі – вакцина салдыру. Әлеуметтік желілерде таралып жүрген жалған ақпараттар мен қауесеттерге сенбеңіздер.

Вакцина алу – өзіңіздің, жақындарыңыздың, әріптестеріңіздің денсаулығы үшін үлкен қадам.

Вакцинаның бірінші компонентін қабылдағаннан кейін менде жанама әсерлер болған жоқ. Өзімді жақсы сезіндім. Екінші компонентті осы айдың соңында қабылдаймын.