Қазақстандық гимнастар Грекия төрінде бес медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастар Грекия төрінде бес медаль жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

«Афродита» кубогі халықаралық турнирі аяқталды.

Грекияда көркем гимнастикадан «Афродита» кубогі халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық гимнастар жүлделі орындармен көзге түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 

11-13 наурыз аралығында өткен турнирге жасөспірімдер мен ересектер қатысқан болатын. 

Жасөспірімдер арасындағы додада Эрика Жайлауова таспа жаттығуы бойынша қола жүлдегер атанды. Милана Парфилова шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алған. 

Ересектер арасындағы сында Роза Абитова таспа жаттығуынан қола медаль иеленді. Баян Қойбағар ұршық жаттығуынан күміс, Сабина Бақатова шығыршықпен жаттығуда қоланы қанағат тұтты.