Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде
Сурет: Inform.kz

Алматы ақ ұлпаға оранды: қар тазалау жұмыстарына 554  арнайы техника жұмылдырылды

Сағат 17.00-де таулы аудандарға 20 см, тау бөктеріне 10-15 см, қалаға 5 см қар түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, қар жауа салысымен 191 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді.

640 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.
Қар тазалауға барлығы 554 арнайы техника бірлігі мен 1482 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қарды сыпыру, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды», көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кешкі «қарбалас шақтан» соң  полицияның патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күрейтін колонналар  ұйымдастырылады.

Түнгі кезеңде 17-18 қарашада 491 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 183 құмшашқыш шығарылады деп жоспарлануда.

Аудандық әкімдіктер мен мердігерлік кәсіпорындарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша 18 қарашаның таңына қар жауады деп күтілуде.