Алматыда таксист болып жүрген Тәжікстан азаматы еліне жер аударылды

Алматыда таксист болып жүрген Тәжікстан азаматы еліне жер аударылды
Сурет: Polisia.kz

5 жыл мерзімге елден шығарылды.

Алматыда таксист болып жүрген Тәжікстан азаматы отанына жер аударылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында Медеу аудандық ПБ КҚБ қызметкерлері мобильді топтар құрды.

«22 жастағы М.есімді азамат жолаушыларды тасымалдау қызметін пайдалана отырып, тиісті рұқсатсыз жеке тасымалдаумен айналысқан. Қазіргі уақытта азамат ҚР ӘҚбК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. МАӘС қаулысымен Тәжікстан азаматы 5 жыл мерзімге елден шығарылды», – деді Медеу аудандық ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің басшысы Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар, ол ҚР ӘҚбК-нің 463-бабына сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.