Алматы әуежайында Интерполмен іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Алматы әуежайында Интерполмен іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласының халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтарын ұстады.

Ұсталғандардың бірі Қытайдың құқық қорғау органдарымен іздестірілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол Харбин қаласы Даоли ауданының базарында 100-ден астам сатушыдан ақша бопсалаған. Қылмыскер Вьетнамнан шығып, Қазақстанға Катар арқылы кірмек болған.

Ал екінші ер адамды Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары Эр-Рияд қаласындағы әйгілі дүкендерден аса ірі мөлшерде зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуге жариялаған. Келтірілген шығын 200 мың АҚШ долларынан асады. Қазіргі таңда қылмыскерлер қамауға алынды, оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.