Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына шықты
Сурет: Elorda.info

Әлемнің 236-ракеткасы Дмитрий Попко Сарасоте (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің – 102, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеффри Джон Волфты ұтып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Бірінші партияда Попко тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды – 7:6 (7:5). Ал екінші сетте бет қаратқан жоқ – 6:1.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін америкалық тәжірибелі теннисші, рейтингіде 284-орындағы Теннис Сандгренмен жолығады.