Алматыда Құлжа тас жолындағы көлік жол айрығының эстакадасы ашылды

Алматыда Құлжа тас жолындағы көлік жол айрығының эстакадасы ашылды
Cурет: Алматы әкімдігі

Енді Бұқтырма көшесінен Құлжа тас жолына бірден бұрылуға болады

2021 жылғы 21 қарашада Алматыдағы Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы қиылысында салынып жатқан көлік жол айрығындағы эстакада іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Құлжа тас жолы бойымен  жүретін көліктерге екі бағытта да жол ашылды. Сонымен қатар енді шығыс бағытта бұрылыс алаңқайына бармастан Бұқтырма көшесінен Құлжа тас жолына бірден бұрылуға болады.  

Аталған жол айрығы құрылысын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ерекше бақылауға алып отыр. Құрылыс аяқталған соң көлік жол айрығы салынып жатқан аймақтағы жол жүрісін жеңілдетіп, көлік жүктемесін азайтады деп күтілуде.