Өзіңді қалыптастыр

Өзіңді қалыптастыр
Сурет: Gdeikakzarabotat.ru

Бәрі - өз қолыңда!

Әрбір адам өзін-өзі қалыптастырады. Тұлға ретінде де жай қарапайым адам бола ма, ол өзіңне байланысты. Жастайынан еңбекқор, талабы мықты болса, қамал алады. Халқымыз жасыңда жарқылда, отызыңда орда бұз, қырқыңда қамал ал дейді. Мұның түпкі мағынасы біреу ғана – мақсатты жан бол дегенді білдіреді. Бұған жету үшін – бірқатар қағидаттарға зер салған жөн.

Сырт келбетті түзеу. Ел арасында «киіміңе қарап қарсы алып, сөзіңе қарап шығарып салады» дейді. Өте астарлы сөз. Түсіне белген жан бұдан нәтиже шығаруға тырысады. Киім адамның көркі. Сондықтан мейілінше, таза өзіңізге жарасымды етіп киініңіз. Тым құлаштайтын кең емес, тым тар емес болсын. Бастысы ыңғайлы әрі жүріп тұрғанда қолайлы болса, жарасым деген сол. Бірақ әркімнің таңдауы әртүрлі. Талғамға талас жоқтығын тағы айта кетуді жөн санаймыз.

Сөз бен іс қабыссын. Әлгінде, сөздің құдіреті туралы аз-кем ой тастадық. Бұрынғылар «сөз тасжарады, тас жармаса бас жарады» деп нақыл қалдырған. Қай дәуірде болмасын айтылар ойдың орны бөлек. Сондықтан, құр сөз емес кез-келген ортада іспен дәлелдеу беделді арттырады. Неғұрлым сапалы әрі нық етіп орындаңыз. Сонымен қатар ойды ашық һәм дәлелді етіп жеткізіңіз. Бұл туралы Конфуций, Лаоцзы қатысты және Хабуснама кітаптарында егжей-тегжейіне дейін тәптіштеп жазылған. Осы аталған қарапайым критерилерді атқарар болсаңыз әр нәрсе сәтімен жүзеге аспақ.

Қорыту.  Түгел пайымды бір орталыққа топтағанда шығатын ой біреу ол – жинақылық. Антон Чехов«Адамның киімі де, сөзі де, жаны да сұлу болуы керек» депті. Сізде бәрі сұлу боларына сеніңіз!