Алматы әкімдігінде спортшыларды төленетін төлем сомасын ұлғайтуды ұсынды

Алматы әкімдігінде спортшыларды төленетін төлем сомасын ұлғайтуды ұсынды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда спортшылардың ақшалай қаражатын 250 АЕК-ке дейін, яғни 923 мың теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр.

Тиісті ұсынысты қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин VIII шақырылған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында депутат Қарашаш Джузееваның спортшыларды ай сайын шығын төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы сұрағына жауап ретінде айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Сіз уақтылы әрі өзекті тақырыпты көтердіңіз деп ойлаймын. Біз бұл мәселені спорт қоғамымен бірнеше рет талқыладық. Алматы қаласының спортшыларын ай сайынғы ұстау төлемдерінің қазіргі мөлшері 2017 жылдан бері өзгермегенін және еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда бірнеше есе төмен екенін атап өткім келеді», - деді Ерден Хайруллин. 

Оның айтуынша, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарында 1-орын үшін Алматы спортшылары 80 АЕК мөлшерінде белгіленген соманы алады, ал басқа өңірлердің спортшыларына осындай жетістігі үшін кемінде 2 есе жоғары төлем қарастырылған. Астанада - 250 АЕК, Шымкентте – 200 АЕК, Қарағанды облысында – 347 АЕК.

«Алматыда бұл соманы арттыру шарасы уақытылы және әділ», - деді Ерден Хайруллин.