Алматы әкімдігі "River Park" ТК-ны жылумен жабдықтау жағын бақылауға алды

Алматы әкімдігі "River Park" ТК-ны жылумен жабдықтау жағын бақылауға алды
Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімдігі "River Park" ТК-ны жылумен жабдықтау жағын бақылауға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан "River Park" ТК үйлерінің жылумен жабдықтау жүйесінде құрылыс жүргізуші мекеменің салғырттығынан ақау пайда болды.

"Алматы жылу желілері" ЖШС (АЛТС) берген ақпаратқа сәйкес, аталған кешен ғимаратына берілетін жылудың төмендеуіне себеп, жеке құрылыс ұйымына тиесілі автоматтандырылған жылу пунктінің (АТП) дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған. 

Бұл ретте коммуналдық қызмет өкілдері аталған ТК-ге жылу жүйесі жылу өндіру көзінен ("Алматы электр стансалары" АҚ, ЖЭО жылумен жабдықтау аймағы) барлық параметрлерді сақтала отырып, штаттық режимде беріліп жатқанын мәлімдеп отыр.

Олар сыртқы ауаның төмен температурасы кезінде аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары тарапынан ешқандай шағым түспегенін атап өтті. "River Park" ТК үйлеріндегі жылытуға қатысты штаттан тыс жағдай тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін жеке сервистік ұйымның АТП жұмысына араласуынан туындауы мүмкін.

Құрылысшыларға көмекке Алматы жылу желілерінің кезекші бригадасы жіберілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі бұрын "АРТ Медиа" ЖШС құрылыс салушы өкілдерімен тұрғын үйлерде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдау бойынша келіссөздер жүргізген болатын.

Құрылыс жүргізуші мекеме элеваторлы түйін үшін қосымша сорғылар сатып алынатынын мәлімдеді. Сорғылар келесі аптада орнатылады.

"River Park" ТК-ны жылумен жабдықтау мәселесі Алматы әкімдігі мен қаланың барлық тиісті шұғыл қызметтерінің бақылауына алынды.