Алмалы ауданында 5 мыңнан астам шам жаңартылады

Алмалы ауданында 5 мыңнан астам шам жаңартылады
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматыда көше жарығы келесі жылдың соңына дейін 100% қалпына келтіріледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Орталықсыздандыру аясында өткен жылдың ортасында ауданға көше жарығына қызмет көрсету функциясы берілді.

2023 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін жөндеу бригадалары өтінімдерді пысықтау уақытын 4 есеге, 5 тәулікке дейін қысқарту бойынша жұмыс жүргізді. Ауданның 21 көшесінің бойында 4 470 шам жаңартылып, 25,7 шақырым ескі кабель желілері ауыстырылды. 11 саябақта, гүлзарда және 410 аула аумағында жарық қалпына келтірілді.

2024 жылы 31 көшеде 5 мыңнан астам шам жаңғыртылып, 40 шақырым кабельдік желі ауыстырылады. 3 көше бойында тротуарлық жарықтандыру орнатылады.