Биыл 34 көшеде су бұру желілері салынады

Биыл 34 көшеде су бұру желілері салынады
almaty-akshamy.kz

Өткен жылы Алмалы ауданында 6,4 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері қайта жаңартылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Төтенше жағдайлар желісі бойынша «Панорама» кешеніндегі және Әйтиев көшесі, 13 А мекенжайында кәріз және су құбырының сорғы станциялары қайта жаңартылды.

2024 жылы 34 көше бойынша 17,8 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құру және салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 400 метр жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылып, 16 учаске бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді.

2024 жылы жылумен жабдықтау желілерін 800 метрге қайта жаңарту жоспарлануда және 18 учаске бойынша 3 шақырым жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға Жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.