Алматыда фирма кеңселерінің бірінен ұрылар 1,5 миллион теңгесі бар сейфті қолды еткен

Алматыда фирма  кеңселерінің бірінен ұрылар 1,5 миллион теңгесі бар сейфті қолды еткен Сурет: Polisia.kz

Бұрын істі болған екі жігіт фирмалардың бірінің кеңсесіне ұрлыққа түсті


Қылмыскерлердің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Кеңсеге кірудің бірінші әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл сәтті де бейнекамералар түсіріп алған. Басты іс-шара кезінде қаскөйлердің бірі екінші қабатқа көтеріліп, пластик терезені ашқан және сол арқылы сейфті көшеге лақтырып жіберген. Сол жерде екінші қаскөй күтіп тұрған. Күдіктілердің олжасы бір жарым миллион теңгеден астам соманы құраған. Жедел іздестіру іс-шараларының барысында күдіктілер ұсталды. Олар - 26 және 28 жастағы жігіттер. Бұрын екеуі де осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.



Ұсталғандарға бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып тағылды. Олар қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38