Матрица: Қостанай облысы «сары» аймаққа шықты

Матрица: Қостанай облысы «сары» аймаққа шықты
Сурет: Lada.kz

«Қызыл» аймақта екі облыс ғана қалды.

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, 2021 жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.