Олжас НҮСІПОВ, Алмалы ауданының тұрғыны: Алғаш рет дауыс бердім

Олжас НҮСІПОВ, Алмалы ауданының тұрғыны: Алғаш рет дауыс бердім
almaty-akshamy.kz

Бүгін мен үшін үлкен мереке. Себебі, мен жалпыхалықтық сайлауға бірінші рет қатысып отырмын. Алмалы ауданына қарасты №90 сайлау учаскісіне барып Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бүгін алғаш рет сайлауда дауыс бердім. Ең бірінші барғандықтан сыйлыққа ие болдым.

Қарап отырсам қала тұрғындары сайлау учаскесіне ағылып келіп жатыр. Бюллетень алу үшін бізге кезек күтуге тура келді. Мен де бірінші рет урнаға бюллетеньді өз қолыммен тастадым. Әрине, толқыдым. Өмірімде бірінші рет өз елімнің саяси өміріне қатыстым деп есептеймін.  Сайлау учаскімдегі қызыметкерлерге де ерекше алғысымды білдіремін. Барлығы дерлік жылы шыраймен қарсы алып, тұрғындарға жақсы қызмет көрсетуде.

Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілгелі отыр. Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді деген сенімдемін.