Алланы жоққа шығарған Жанат Бақыт жазаланды

Алланы жоққа шығарған Жанат Бақыт жазаланды
Сурет: Facebook.com

Журналист Жанат Бақыт кей жазбаларымен мұсылмандардың діни сенімін қорлады.

Оған  180 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Дінтану сараптамасы осындай қорытынды жасады.

Биыл наурыз айында журналист әлеуметтік желідегі парақшасында: «Жаңа дәуір басталды, Алланың миссиясы аяқталды» деп мәлімдеді. Бұл пікір халық арасында түсінбеушілік тудырып,соңы дауға ұласқан болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «шариғатта Алланың атынан жалған сөйлеу өте ауыр күнә» екенін журналистке ескертті. Атырау облысының тұрғыны сала мамандарына арызданып, бұл іс сотта қаралды.

«Атырау облысы Дін істері басқармасына қала тұрғыны атынан арыз келіп түскен болатын. Аталған арызды әлеуметтік желіде танымал журналист, желідегі парақшалары арқылы ислам дініне тіл тигізіп, барша мұсылмандардың, соның ішінде жеке өзінің діни сеніміне қорлық жасалғанын көрсеткен. Осы ретте, басқарма тарапынан инстаграм әлеуметтік жілесіндегі Жанат Бақыт және Жан жихан атты парақшалары дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жасауға жолданған болатын», - дейді  Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев..