Тауарды таңбалау не  үшін қажет?

Тауарды таңбалау не  үшін қажет?
НЕХабар

Алматыдағы ірі базарлардың бірінде аяқ киімді көтерме сатумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіндегі көтерме дистрибьюторлардың рөлі жүйеде импорттаушылардан таңбалау кодтарын қабылдау және аяқ киім өнімдерін өткізу кезінде оларды одан әрі бөлшек сауда дистрибьюторларына беру болып табылады.

Бірыңғай оператор кәсіпкерлерге тауарды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде жұмыстың барлық техникалық және нормативтік детальдарын түсіндірді.

Кездесу барысында жүйенің егжей-тегжейлі техникалық көрсетілімі өтіп, жүйеде тіркелмеген кәсіпкерлер сол жерде тіркеліп, өнімді таңбалау және қадағалау жүйесімен жұмыс істей бастады.

Бірыңғай оператор өкілдері кәсіпкерлер үшін бірқатар жеке кеңестер өткізіп, олардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кәсіпкерлер тарапынан тауарды таңбалау және бақылау жүйесінің жұмысына қатысты ұсыныстар ескерілді.

Тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың басты мақсаты Қазақстандағы тауар айналымын ашық көрсету болып табылады.

Еске салсақ ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелмеген аяқ киімдерді сатуға тыйым салынды.

Цифрлық таңбалау туралы толық ақпарат алу үшін 8 800 080 6565 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласа аласыз.