Alibaba компаниясы ChatGPT-ге бәсекелес болатын өз чатботын шығарды

Alibaba компаниясы ChatGPT-ге бәсекелес болатын өз чатботын шығарды
Сурет: ашық дереккөз

Сейсенбі күні Қытайдың технологиялық алыбы Alibaba жасанды интеллектінің өз генеративтік моделі – ChatGPT чатботы жұмыс істейтін технологияның дербес нұсқасын таныстырды. Сонымен қатар ол жақын уақытта компанияның барлық қосымшаларына интеграциялау жүргізілетінін жеткізді. Бұл туралы Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияда Tongyi Qianwen чатботын көп күттірмей Alibaba өнімдеріне интеграцияланатынын мәлімдеді. Бірақ оның нақты қай кезде жасалатынын ашып айтпады. Tongyi Qianwen ботының атауын «мың сұрақ қоя отырып, жауап іздеу» деп аударуға болады.

Alibaba осы жыл басында ChatGPT бәсекелесін құру бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатын.

«Біз генеративті жасанды интеллект пен бұлтты есептеулер әкелген шұғыл өзгерісті технологиялық кезеңде тұрмыз», - деп мәлімдеді Alibaba төрағасы және бас атқарушы директоры Дэниел Чжан Tongyi Qianwen-ді іске қосуға қатысты сөйлеген сөзінде.

Компания Tongyi Qianwen ағылшын тілінде де, қытай тілінде де жұмыс істеуге қабілетті екенін, алдымен DingTalk – Alibaba-ның хабар алмасуға арналған кеңселік қосымшасы ашылатынын айтты. Бот жұмыс жиналыстары мен кездесулері кезіндегі сөздерді жазып алады және оқып береді, іскерлік белгілер жасайды және электрондық хаттар жазады.

Alibaba-ның бұлтты компьютинг бөлімшесі клиенттер өздерінің мамандандырылған ауқымды тілдік модельдерін жасауы үшін Tongyi Qianwen-ге кіруіне жол ашуды жоспарлап отыр. Tongyi Qianwen пайдаланушыларын тіркеу жұма күні басталды.