Қазақстан темір жолы арқылы тасымалданатын жүктер транзиті артты

Қазақстан темір жолы арқылы тасымалданатын жүктер транзиті артты
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Осы жылдың бірінші тоқсанында жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес көрсеткішіне қарағанда 35% ұлғайды және 7,2 млн тоннаны құраса, оның ішінде контейнерлік тасымал өсімі 19% артып, 313 мың ЖФЭ-ге жетті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк ағынын ұлғайту және контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына 

Компанияның Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту бойынша қабылдаған шаралары 2022 жылы елдің транзиттегі тарихи максимумы 23,2 млн тоннаға қол жеткізуге және контейнерлік транзиттің рекордтық көрсеткіші 1 129 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

2023 жылы осы көрсеткіштердің оң қарқыны сақталып отыр.