Өткен жылы елімізге 7000 тарихи құжат әкелінді

Өткен жылы елімізге 7000 тарихи құжат әкелінді
Сурет: Рobedarf.ru

Құнды құжаттарда еліміздің тарихы туралы тың ақпараттар бар.

Құжаттар Венгрия, Германия, Италия және т.б. Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Оларды қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар зерттеп жатыр.

Былтыр ғалымдар 14 мемлекетке іздестіру-зерттеу жұмыстарымен барды. Олар жинаған құжаттар қатарында 445 фотосурет, 206 кітап және сирек қолжазбалар бар. Хронологиялық тұрғыдан 918-1990 жылдар аралығын қамтиды.

Қайтарылған құжаттар ҚР Ұлттық архивіне тапсырылды. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі бірыңғай деректер базасын құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бағалы тарихи құжаттарды тарату үшін фотоальбомдар, жинақтар, хронографтар, өмірбаяндық анықтамалықтар және басқа да пайдалы материалдар баспадан шығарыла бастады.

"Археологтар мен тарихшыларымыздың жұмысы мұнымен бітпейді. 2025 жылға дейін қазақстандық ғалымдар шетелге тағы бірнеше экспедиция жоспарлап отыр", - деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.