Соңғы 30 жылда Қазақстаннан 140-160 миллиард доллар қаржы заңсыз шығарылған

Соңғы 30 жылда Қазақстаннан 140-160 миллиард доллар қаржы заңсыз шығарылған
Сурет: 24.kz

Енді осы капиталды елге қайтару үшін Еуропа елдерімен келісімдер жасалып жатыр.

Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысы кезінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан 13 мемлекетпен келісім жасасқан. Оның 11-і күшіне енді. Тағы 12 елмен меморандум жасау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл кез келген уақытта Еуропа елдеріне құқықтық көмекке жүгінуге мүмкіндік береді.