Шаңғы жарысын отандасымыз 32-орынмен аяқтады

Шаңғы жарысын отандасымыз 32-орынмен аяқтады
Cурет: Olympic.kz

Тағы бір спортшымыз Евгений Величко жарысты аяқтай алған жоқ

Бейжің Олимпиадасында шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы скиатлон (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz  сайтына сілтеме жасап.

30 шақырымға созылған жарысқа Қазақстан атынан екі шаңғышы қатысқан болатын. Қазақстандық Виталий Пухкалов төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, 32-ші орынға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 7 минут 35 секундқа қалып қойған. 

Тағы бір спортшымыз Евгений Величко жарысты аяқтай алған жоқ. 

Скиатлоннан Олимпиада чемпионы атағын ресейлік Александр Большунов жеңіп алды. Күміс медальді оның отандасы Денис Спицов иеленсе, қола медальді финляндиялық Ийво Нисконен еншіледі.