Алакөлге енді «Тальго» пойызымен баруға болады

Алакөлге енді «Тальго» пойызымен баруға болады
Сурет: Inform.kz

Аталмыш көлікті күнара жүргізу жоспарланып отыр.

Алдағы туристік маусымда Алакөл бағытына «Тальго» жүрдек пойызы жүреді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

 «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басшылығы мен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев меморандумға қол қойып, көл жағалауына жолаушы тасымалдайтын пойыздардың жайлы болуына, сапалық деңгейін арттыруға көңіл бөлінетінін атап өтті.

Осы ретте Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның барлық вагондары желдетудің заманауи жаңа жүйесімен қамтамасыз етіледі, поездың бағасы да қолжетімді болады деп хабарлады.

Енді «Тальго» жүрдек пойызын күнара жүргізу жоспарланып отыр.