Латвия порттары қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын

Латвия порттары қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын
Сурет: Cfts.org.ua

Қазақстандық жүктерді Латвия порттары қабылдайтын болды

Бұл туралы екіжақты онлайн кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық экспорттық тауарларды Ресей порттарынан тасымалдау кезінде қиындықтардың туындауына және Антверпен, Гамбург, Пиренеи, Роттердам, Муггадағы транзиттік порттардың жүктерді қабылдаудан бас тартуына байланысты, жүк Латвияның ірі порттарына бағдарланады.

Рига, Вентспилс және Лиепая порттары қазақстандық транзитті қабылдауға және оған қызмет көрсетуге келісті.

«Біздің порттардың сыйымдылығы мен жүктерді өткізу қабілеті жеткілікті», – деп атап өтті кездесуде Латвия тарапы.