Ақтөбеде 4 жастағы баланы іздестіру жұмыстары екінші күн жалғасып жатыр

Ақтөбеде 4 жастағы баланы іздестіру жұмыстары екінші күн жалғасып жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті.

Осы жылдың 28 желтоқсанында Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туылған кәмелетке толмаған Ахунов Данил Артурович жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Баланы іздеуге полицияның кешенді күштерінің жасақтары, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері мен еріктілер тартылды. Қараусыз қалған гараждар, саяжайлар, орман белдеулері және жақын маңдағы су айдындары тексерілді. Сүңгуірлер кәріз құдықтарын тексерді.

Белгілері: бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті.

Киімі: капюшоны бар қызғылт сары түсті күрте, ашық көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқ киім.

Қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.