АҚШ өз одақтастарымен Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар енгізді

АҚШ өз одақтастарымен Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар енгізді
Сурет: Kp.ru

Шенеуніктерге қарсы санкциялар енгізді.

АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония қараша айында құрлықаралық баллистикалық зымыранның жаңа әрі ең үлкен сынағынан кейін елдің қару-жарақ бағдарламаларына қатысы бар Солтүстік Корея шенеуніктеріне қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігі сәуір айында ЕО санкциялар тізіміне енгізген Сон Иль Хо, Ю Чжин мен Ким Су Гилді атап өтті.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі басқа жеті адамға, соның ішінде Сингапур мен Тайвань азаматтарына, сегіз ұйымға санкция жариялады. Олардың барлығы 2018 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың қазанында АҚШ жариялаған санкцияға қалғандар қатарында, деп хабарлады министрлік.

Жапония да үш ұйым мен бір адамға қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлады СІМ. Олардың арасында кибершабуыл жасады деп күдіктелген Lazarus Group тобы бар.