Air Astana-ның ұшақтары көбейді

Air Astana-ның ұшақтары көбейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әуе паркі 50 ұшақпен толықты.

2028 жылдың соңына қарай әуе компаниясы өз паркін 80 ұшаққа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Air Astana әуе компаниясы өз паркіне 50-ші ұшақ Германияның Гамбург қаласынан A321neo әуе көлігі жеткізілгенін хабарлады. Бұл жаңа әуе лайнері – бизнес пен эконом класстың симбиозы.

Жеткізілген ұшақтың кеңейтілген эконом класы бар, сонымен қатар орындар арасындағы стандартты қадам қашықтығы сақталған, деп хабарлады компаниядағылар.

"Airspace Cabin салонының жаңа нұсқасында қол жүгіне арналған үлкенірек сөрелер сондай-ақ әуе компаниясы негізінен ұзақ қашықтыққа ұшуларда пайдаланатын декоративті жарықтандыру орнатты", - деп жазылған хабарламада.