Air Astana батыс аймаққа сатылған билет құнын толық қайтарады

Air Astana батыс аймаққа сатылған билет құнын толық қайтарады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл 21 сәуірге дейін алынған билеттерге қатысты.

Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда батыс аймақтағы қалаларға сатып алынған билет қаражатын толық қайтаруды ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Жолаушылардың назарына! Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда жоспарланған Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына барлық рейс үшін сатып алу орны бойынша қаражатты толық қайтаруды ұсынады. Жолаушылар ыңғайлығы үшін айыппұлсыз 15 мамырға дейін қайта брондау мүмкіндігі беріледі", - делінген хабарламада.

Air Astana тобы қажет болған жағдайда зардап шеккендерге ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тасымалдау сыйымдылығын 2500-ден астам орынға арттырып, Атыраудан қосымша 14 рейс іске қосты. Әуе компаниясынан мына байланыс номерлері арқылы қосымша ақпарат алуға болады: +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477, +7 705 927 4477 WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)