Атырау облысындағы ауылды су басты

Атырау облысындағы ауылды су басты
Сурет: Inbusiness.kz

24 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Атырау облысындағы Ноғайты өзені арнасынан асып, Сағыз ауылын су басты. Жиырмадан астам үйге су басу қаупі төнді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

Қазіргі уақытта су астында қалуы мүмкін деген 24 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, колледж бен мектепке орналастырылып жатыр.

«Азаматтарды қауіпсіз орындарға көшіру, сондай-ақ суға бөгеттер қою жұмыстарына еріктілер, өзге де мекеме қызметкерлері бар - барлығы екі жүздей адам, ондаған техника жұмылдырылған», - делінген өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламасында.