Қазақстандық оқушылар еуропалық олимпиадаға қатысып жатыр

Қазақстандық оқушылар еуропалық олимпиадаға қатысып жатыр
Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Жарысқа әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысуда.

Грузияның Цхалтубо қаласында Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада ЕGМО-2024 басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан намысын төрт оқушы және екі жетекші қорғайды. Олар:

Амира Кенбаева - Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 11 сынып оқушысы;

Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9сынып оқушысы;

Анастасия Одинцова - Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

Арай Касенова - Haileybury Almaty 11 сынып оқушысы.

Айта кетсек, алғаш рет ЕGМО 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өтті. Қазақстан Республикасының құрама командасы Олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдары олар 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасын жеңіп алды.