Алматы зообағына ақ кеуделі тукандардың жұбы әкелінді

Алматы зообағына ақ кеуделі тукандардың жұбы әкелінді
Сурет: Inform.kz

Ереван қаласынан әкелінді. 

Алматы зообағы ақ кеуделі тукандардың жұбымен толықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы зообағына әкелінген ақ кеуделі тукандардың видеосы зообақтың Instagram парақшасында жарияланды. 

«Олар Арменияның астанасы - Ереван қаласынан әкелінді. Олар әлі кішкентай, екі жаста. Қазір олар аквариум жанындағы Құстар үйінде тұрады. Тоқылдақ тәрізділер класына жататын, тұмсығы мүйізге ұқсас бұл құстардың отаны – Оңтүстік Америка ормандары», - деп хабарлады зообақ өкілдері.

Сондай-ақ зообақта тукандардың вольерге тез үйреніп, өздерін күтуші киперлермен достасып, көпшіліктің сүйікті құсына айналғанын хабарлады.

Олар банан, апельсин сияқты жемістермен қатар, тышқан, құс жұмыртқаларымен қоректенеді. Тукандар 20 жыл өмір сүреді. Ақ кеуделі тукан Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.