«Киікті атуға болмайды» – Президент осы мәселені қозғаған министрге сөгіс берді

«Киікті атуға болмайды» – Президент осы мәселені қозғаған министрге сөгіс берді
Сурет: Classpic.ru

Бұл - шектен шыққан шара.

Киік - қазақ үшін киелі жануар. Оны реттеу ойлы түрде жүзеге асырылуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаған Экология, геология және табиғи ресурстар министр Серікқали Брекешовке сөгіс жариялады.

«80 мың киікті өлтіруге рұқсат беріпті. Ал бұл - қазақтар үшін киелі аң. Бұл - шектен шыққан шара. Басқа шараларды табыңыз», - деді Тоқаев.