Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды

Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Мамандар құнды заттарға толы мекенді әлі бір зерттемек

Тарихы терең Әулиеата өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды. Археологтар 600 гектар аумақты алып жатқан шаһар Түркі қағанатына тиесілі болған деп отыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Қазба жұмыстары 20 күн бұрын Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының маңында басталған. Мамандар мұнда 6-12 ғасыр аралығына тән, биіктігі 12 метрге дейін жететін Қаракемер қаласы болғанын анықтады. Әзірге көне шаһар аумағынан бірнеше бөлмелік үйлер мен қыш құмыралар, жан-жануарлардың сүйегі және ошақ орны табылды. Тарихи жәдігерлерге қарап, қалашықта егін мен мал шаруашылығының жақсы дамығанын аңғаруға болады. Археологтарды 1200 градус температурада балқыған шынылардың шыққаны таңғалдырды. Мамандар құнды заттарға толы мекенді әлі бір зерттемек.

 «Төрткүлтөбе 1-де көлемі 11/12 метрлік қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше бөлме орындары анықталды. Бұл жерде ұзындығы 15 метрден асатын, қабырғасы, былайша айтқанда, құрылыстың кесік дейді ғой, қимасын анықтау мақсатында қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп зерттеліп жатыр», - дейді археолог Ералы Ақынбек.