Әскердегі әлімжеттік пен тәртіпсіздікті жүгендейтін кез келді

Әскердегі әлімжеттік пен тәртіпсіздікті жүгендейтін кез келді
Сурет: 24.kz

Депутаттар әскерде болатын осындай жүгенсіздікті заңмен реттеу керектігін көтерді.

Ондағы әр оқиға жіті зерттеліп, болашақта мұндай олқылықтар орын алмайтындай жағдай жасалуы тиіс. Бұл жайында Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қарулы күштер мен қауіпсіздік комитетінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед соңғы кездері әскерде белгісіз жағдайда қаза болған сарбаздардың қатары азаймай тұрғанын айтты. 

Сондықтан біз бұл жағдайлардың қайталанбауы үшін заңдық тұрғыда құжаттар қабылдауымыз тиіс дейді. Депутаттар қазір әскерде келісім шарт бойынша борышын өтеп жүргендердің үлесі 70 пайыз екенін алға тартып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жағын қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ әскерилердің біліктілігін арттыру ісі де маңызды.