Әлихан Смайылов қайта тағайындалды

Әлихан Смайылов қайта тағайындалды
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысы,  Конституцияның 44-бабына сәйкес, Премьер-Министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуі тиіс екенін айтты. Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.