Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүреді

Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүреді
Сурет: Dela.ru

Шаһар тұрғындарына хабарлама.

Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, метрополитеннің «Достық» достық бекетінде құрылыс жұмыстары жүруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сол себепті  Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында көлік қозғалысының сұлбасына өзгерістер енгізіледі:

1. 2021 жылғы 27 тамыздың сағат 22.00-ден 28 тамыздың сағат 22.00-не дейін Абай даңғылы бойымен Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейін батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы жабылады.

2. Абай даңғылынан іргелес аулаларға барлық көлікпен кіру және шығу өзгеріссіз жүргізіледі.

3. Момышұлы және Саин көшесі бойынша көлік қозғалысына өзгерістер енгізілмейді.