6,6 млн теңге 6 қызметкерге негізсіз сыйақы ретінде берілген

6,6 млн теңге 6 қызметкерге негізсіз сыйақы ретінде берілген
Сурет: Astanatv.kz

Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактісін анықтады.

Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрі бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйақы бергені анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берген. 

Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақшаны қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр.